Алматы халқы Бердібек Сапарбаевпен қоштасты

Алматы халқы Бердібек Сапарбаевпен қоштасты Сурет: Tengrinews.kz

Марқұммен қоштасуға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Алматының әкімі Ерболат Досаев және басқа мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысты.


Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Бердікбек Сапарбаев әр жылдары Қазақстанның бес облысының, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Сапарбаев екі рет Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.


Қоштасу рәсімінің алдында белгілі саясаткердің әріптестерінің қатысуымен митинг өтті. Кейін жаназа намазы оқылды.



Бердібек Сапарбаев Кеңсай-2 зиратына жерленеді. Марқұмның туыстарының айтуынша, онда 2002 жылы апаттан қайтыс болған Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09