Алматы халықаралық әуежайында туристермен тоғыз тілде сәлемдеседі

Алматы халықаралық әуежайында туристермен тоғыз тілде сәлемдеседі Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, қаладағы туристік тәжірибені жақсарту аясында әзірленіп, жаңартылған ұшу аймағын таныстырды.


Паспорттық бақылау аймағындағы кабиналар әлемнің тоғыз тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және кәріс тілінде амандасатындай жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Сәлемдесу» дәстүрінің тамыры тереңде, ол адамзат қоғамының қалыптасуының басты белгісінің бірі. База ретінде қала мен аймақтың ең танымал әрі әдемі туристік орындары таңдалды. Паспорттық бақылау аймағын жаңарту әр қонаққа Қазақстанның қонақжайлығын сезініп қана қоймай, біздің қала туралы туристік тәжірибені (visitor experience) жақсартады», - деді Алматы қаласының туризм басқармасы.



Әрі туризмді дамыту тұжырымдамасы аясында қалада бірыңғай коммуникация мен навигацияны енгізу бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған. Қазіргі таңда қала қиылыстарында 52 ақпарат жаңартылды. Картадан қоса олар танымал туристік орындарға бағыттарды ұсынады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30