Алматы - Қазақстандағы туристер ең көп келетін қала

Алматы - Қазақстандағы туристер ең көп келетін қала
Сурет: Тravelhub.kz

2025 жылға қарай 2,3 млн турист тарту жоспарлануда.

Өткен жылы туристер саны 65%-ға өсіп, 1,2 млн-ға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда туризм саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі «Туризм және Саяхат» – «KITF» көрмесі өтуде. Оған әлемнің 211 компаниясы мен 18 елі қатысуда.

Мамандар Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік туристің Алматыға міндетті түрде келетінін атап өтті.

Өткен жылы туристер саны 65%-ға өсіп, 1,2 млн-ға жетті, бұл республикалық көрсеткіштің бестен бір бөлігін - 5,4 млн адамды құрады.

2025 жылға қарай 2,3 млн турист тарту жоспарлануда.

Туризм саласындағы қызметтер көлемі өткен жылы 27,9 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66%-ға артық. Салаға 46,3% өсіммен 100,7 млрд теңге инвестицияланды.