Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды

Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды
Сурет: 7kun.kz

Жөндеу жұмыстары 2-10 шілде аралығында жүргізіледі

«Алтын Орда» базары маңындағы көпір (Алматы-Қаскелең бағыты) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

2-10 шілде аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады.

«Жолайрықтың сапасына жүргізушілерден бірнеше рет шағым түсті. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл – «Алтын Орда» базары маңының 16-19 шақырымы. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялаған еді. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.