Алматы кардиологтары мен рентген хирургтары үшін шеберлік сағаты өтті

Алматы кардиологтары мен рентген хирургтары үшін шеберлік сағаты өтті
Сурет: Mcnikoil.ru

Шеберлік сағатына күрделі ауруы бар 2 пациент іріктелді.

Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары мен рентген хирургтары үшін шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өткен шеберлік сағатына РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология Ұлттық медицина зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Юрий Матчиннің қатысты. 

ҒЗИ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Роза Куанышбекованың айтуынша, клиника басшылығы мамандардың кәсіби жағынан өсуі, жаңа білім мен дағдыларды игеруі үшін қажетті жағдайларды жасап жатыр.

"Пациенттер сапалы көмек алуы үшін, сондай-ақ медицина саласындағы инновациялар туралы хабардар болуы үшін тек қана дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар орта медицина персоналы да үнемі өздерінің біліктіліктерін арттырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады", - дейді Роза Тохтанәлиқызы.

Шеберлік сағатына күрделі ауруы бар 2 пациент іріктелді. Екеуіне де қолқакоронарлық шунттау қажет, алайда тамырішілік УДЗ жүргізгеннен кейін оларға мұндай операция жасаудың қажеті болмады.