Алматы-Қапшағай электр пойызы жолаушылардың аздығына байланысты тоқтатылды

Алматы-Қапшағай электр пойызы жолаушылардың аздығына байланысты тоқтатылды
Сурет: 24.kz

Қапшағай -Алматы теміржолы 71 шақырымға созылып жатыр.

2017-2021 жылдар аралығында Алматы-Қапшағай және Алматы-Қазыбек бек (Ұзынағаш стансасы) бағыты бойынша қала маңындағы теміржол қатынасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алматы-Қапшағай бағыты бойынша жолаушы ағынының аздығына байланысты теміржол қатынасы тоқтатылды. Билет құны 3122 теңге болатын», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы әкімдігі қалаға жақын маңдағы елді мекендерге теміржол қатынасын ашқан болатын.

Қапшағай -Алматы теміржолы 71 шақырымға созылып жатыр. Жол арасы - 1,5 сағат.