Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимараттарда ыстық су уақытша өшіріледі

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимараттарда ыстық су уақытша өшіріледі
Сурет: 9111.ru

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

- 6-17 маусым аралығында мына көше контурларында:

Лавренев-Дөнентаев көшелері;

Жұлдыз -2 ықшамауданы.

 - 6-20-шы маусым аралығында мына көше контурларында

Баймағамбетов-Монтажная-Федосеев көшелері.

 -6-27 маусым аралығында мына көше контурларында:

Лавренев-Дөнентаев-Соболев-Зимняя көшелері;

Гете-Новосибирская-Майлин-Заславский көшелері;

Бекмаханов-Свободная – Сүйінбай көшелері.

 -6-28 маусым аралығында мына көше контурларында:

Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг көшелері.