Алматы қаласының су айдындарындағы қауіпсіздік

Алматы қаласының су айдындарындағы қауіпсіздік Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда Алматы қаласында температуралық фонның жоғарылауы байқалуда, шомылу маусымына аз қалды.


2022 жылы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қала су айдындарында адам өліміне жол берілмеді, 17 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала («Сайран» көлінде).
Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері полиция қызметкерлері, ҚР ҰК әскери қызметшілері, құтқару қызметінің және РҚЖҚ құтқарушылары, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізеді.


Рейдтер барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін бұзушылар жауапкершілікке тартылады, мысалы, 2022 жылы 63 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 790 мың теңгеге айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК – нің 440 – бабы – 40 адам, 364-бабы-16 адам, 412-бабы-7 адам).
Қазіргі уақытта, Департамент бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, барлық білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын орындарда (СОО, СҮ, ХҚКО, вокзалдар, метрополитен, кинотеатрлар), сондай-ақ Алматы қаласының жолдары бойында орналасқан смартбордтар мен ЛЭД экрандарда бейнероликтер көрсетілімдері белсенді жүргізілуде.


Күнделікті мемлекеттік және орыс тілінде Алматы ТВ телеканалында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп жатыр, және «Русское радио-Азия», «Европа Плюс Казахстан», «Народное Радио» радиоканалдарында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында аудиотаспа жүргізіліп жатыр.


Қалада 56 бассейн бар, онда балаларға жүзу сабақтары жүргізіледі (жүзуді үйрету кезеңі 3 айды құрайды). Сонымен қатар, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 6 бассейнінде оқыту жүргізіледі. Бүгінгі таңда, 6000 бала (5870 бала) оқытылды. Жүзуді үйрету балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін білу деңгейін арттырады.
Сонымен қатар, қалада ДАму бала бағдарламасы басталды, онда 3500 жуық бала жүзуді тегін оқытуға жазылды.


Сонымен қатар, білім басқармасымен бірлесіп мамыр айында қала мектептері арасында «Қауіпсіз су» акциясы өткізілді, онда оқушылар арасында эссе, сурет, қабырға газеттері, тақырыптық желілер, сондай-ақ «Қауіпсіз су» тақырыбында сынып сағаттары конкурстары өткізіледі.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз ата-аналарға балаларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы және алдағы шомылу маусымында оларға бақылауды күшейту туралы айтып беруін сұраймыз.


Осындай профилактикалық жұмыстың арқасында балаларда судағы мінез-құлық мәдениеті қалыптасады.
Жалпы, Департамент қала тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41