Алматы қаласының кәсіподақтары Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырады

Алматы қаласының кәсіподақтары Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдай отырып, 6 мамырда кәсіподақ мүшелеріне Үндеу қабылдады. Кәсіподақтар федерациясының республикалық   штабының шешіміне сәйкес Алматы қаласы бойынша Өңірлік штаб құрылды.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының кәсіподақ активі   5 маусымда референдум өткізу және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде атсалысуда.

Кәсіподақтардың өңірлік  штабының мүшелері еңбек ұжымдарымен 40-тан астам кездесу өткізді.  Кездесулер 3 маусымға дейін жалғасады. 150-дан астам кездесу жоспарланған.

 Кәсіподақтар орталығы   Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша оқыту семинардар өткізді. Жұмыс жалғасады.

 Өңірлік штабымыздың мүшелері YouTube арнасында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу туралы оқыту семинарын қатысты. Семинарды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы мен   Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі.

 Алматы қаласының кәсіподақтары Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды және   барша қазақстандықтарды  5 маусымдағы референдумға қатысуға  және қоғамның демократиялық  процестерге араласуы үшін, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырады. Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған.