Алматы қаласының Алатау ауданында 8 мектеп салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында 8 мектеп салынады Сурет: ашық дереккөз

 «Саялы-2» шағынауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр. 12 050 орындық тағы 7 мектептің құрылысы осы жылдың 3 тоқсанында басталады. Қазір аудан мектептерінде шамамен 4600 орын тапшы. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Олардың ішінде 550 орындық мектеп «Зерделі» шағынауданында салынады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында «Самғау», «Алғабас», «Қарасу», «Теректі» шағынаудандарында, сонымен бірге, «Әйгерім» шағынауданында 2000 орындық мектеп бой көтереді, - деді қала әкімі.



Сонымен қатар, «Ақбұлақ» шағынауданында №154 мектепті бұзып, 1500 орындық мектеп пайда болады. Мектептер келесі жылдың соңына дейін салынады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет