Алматы қаласының әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы қаласының әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кездесуге онлайн режимде де қатысуға болады.

2022 жылдың 6 қазанында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі Суаткөл көшесі, 41 мекенжайдағы №178 лицей ғимаратында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

https://go.2gis.com/sjrej

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:

  1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS
  2. https://www.facebook.com/alatau.audan

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.