Алматы қаласының әкімдігі мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ бірлескен меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімдігі мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ бірлескен меморандумға қол қойды Суретті түсірген - Д.Исаев

Алматы қаласының әкімдігі мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ газ және газ моторлы отын саласындағы ынтымақтастық туралы өзара меморандум жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысын орындау аясында аталған құжатқа қала басшысы Ерболат Досаев пен «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қол қойды.




Келісім ұлттық компанияның 2023 жылғы екінші тоқсанда үш автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясын (АГТКС) салуды және сығымдалған табиғи газды (СТГ) үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуді қарастырған. Алматы әкімдігі өз тарапынан газбен жүретін автобустар санын 880-ден 1200 бірлікке дейін арттыруды және АГТКС құрылысы аяқталғаннан кейін автобустарды газға ауыстыру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлауда.



Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту атмосфераға шығатын залалды заттарды азайтуға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сығымдалған табиғи газдың (СТГ) артықшылығы оның экологиялық тазалығында әрі бағасының қолжетімділігінде – СТГ дизель отынына қарағанда екі есе арзан.


Кездесу барысында қаладағы ауа сапасын жақсарту мақсатында тараптар энергетикалық кешен мен газбен жабдықтауды дамыту бойынша келісімге қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26