Алматы қаласында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті өтіп жатыр

«Алматы Арена» стадионында өтіп жатқан ауқымды шараға студент жастармен қатар, танымал тұлғалар мен белгілі әншілер де қатысуда. Аталған шара ҚР Президентінің Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасын қолдау мақсатында және Алматы жастарына жақсы серпіліс беру үшін ұйымдастырылып отыр.