Алматы қаласында Райымбек даңғылы бойынша жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі

Алматы қаласында Райымбек даңғылы бойынша жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі almaty-akshamy.kz

28 шілде сағат 22.00-ден 27 тамыз аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойынша Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.


Аталған жол сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыржолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.


Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.


«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04