Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Misk.org.kz

23 шілдеде Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбі күні атмосфералық ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.