Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
сурет: 24.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
4 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Басқа қалалардағы метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.