Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісі салынады

Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісі салынады
Сурет: Еgemen.kz

Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек.

Тоқаев қай жерлерде теміржол салынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Орталық Азия аймағындағы көшбасшылықты сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек.

Осы мақсатта балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Бұл жерде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде сөз болып отыр.

Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

«Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек», – деді Мемлекет басшысы.