Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болып Нұрлан Нұрғабылов тағайындалды

Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болып Нұрлан Нұрғабылов тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Нұрлан Талғатұлы Нұрғабылов Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Нұрлан Нұрғабылов 1988 жылы 29 сәуірде Алматы облысы Үштөбе қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (халықаралық құқық бакалавры), University of Dundee (халықаралық коммерциялық құқық магистрі) бітірген.

Н. Нұрғабыловтың ҚР Әділет министрлігінде және ҚР Ұлттық Банкінде мемлекет мүдделерін қорғау бөлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Басқарушы директор лауазымында First Heartland JUSAN Bank АҚ, «АТФ банк» АҚ-да құқықтық мәселелерге жетекшілік етті, «БТА банк» АҚ-да активтерді қайтару бойынша жобаларға жетекшілік жасады.

Әр жылдары халықаралық консалтингтік компанияларда (Ernst & Young Global Limited, Curtis, Mallet-Prevost, Colt&Mosle LLP, «Macleod Dixon"ЖШС) жұмыс істеді.