Алматы қаласы мен СҚО ғана «сары» аймақта тұр

Алматы қаласы мен СҚО ғана «сары» аймақта тұр
Cурет: Ашық дереккөз

Эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Ешқандай өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.