Алматы қаласы мен облысында жауын-шашын болады

Алматы қаласы мен облысында жауын-шашын болады
Сурет: Ugrapro.ru

Жауын-шашын осы аптаның соңына дейін болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері тағы да Алматы қаласы мен облыстағы ауа райы жауын-шашынды болады деп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, арасында қар болуы да мүмкін. Түстен кейін температура + 5 + 10°C болады. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с  дейін.

Алматы облысында жауын-шашын, солтүстігінде, түстен кейін, таулы жерлерде қатты жаңбыр, тұман және мұздақ болды. Температура - + 5 + 10°C. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Термометр бағанасы + 3 + 5°C дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.