Алматы қаласы мен облысына арналған жұма күнгі ауа райы мәліметі

Алматы қаласы мен облысына арналған жұма күнгі ауа райы мәліметі
Сурет: Мillionstatusov.ru

Синоптиктер тағы да жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжайды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы мен облысының 2022 жылғы 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +23+25 °C дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с.

Алматы облысында – солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында – аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Температура +20+25 °C жылы болады. Таулы аймақтарда +17 °C. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.