Алматы қаласы мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Алматы қаласы мәслихатына алты партияның өкілдері өтті
Сурет: Egemen.kz

Алматының аумақтық сайлау комиссиясы қала мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды.

Сайлау нәтижелері аумақтық сайлау комиссиясы отырысында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Комиссияның мәліметінше, «Аманат» партиясына 151 531 адам немесе 51,94% дауыс берген.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 8264 адам немесе 2,83%;

«Республика» партиясына 38 369 адам немесе 13,15%;

Қазақстан халық партиясына 38 563 адам немесе 13,22%;

Жасыл «Байтақ» партиясына 23266 адам немесе 7,97%;

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясына 15 273 адам немесе 5,23 пайыз дауыс берген.

«Барлығына қарсы» бағанын 16 490 адам таңдаған.