Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды

Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды
almaty-akshamy.kz
  1. «Мұрат Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Шапағат» ы/а, Биянху к-сі, 87. Тел.: 245-59-10, 245-02-12.
  2. «№18 гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Радостовец к-сі, 38, Тел.: 379-34-42,379-41-10.
  3. «М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Байзақов к-сі, 130, Тел.: 379-77-90, 379-76-29.
  4. «Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназиясы» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Құрманғазы к-сі, 74/143, Тел.: 272-18-43, 272-24-12.
  5. «№5 мектеп-гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: 9-ықш. ауд., 16, Шаляпин к-сі мен Саин к-нің қиылысы.
  6. «№116 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: 8-ықш. ауд., 46, Тел.: 249-07-91, 249-09-64.
  7. «№119 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: 8-ықш. ауд., 45, Тел.: 249-05-77, 249-84-96.
  8. «№175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Таугүл-3» ықш. ауд., Шаймерденов к-сі, 21, Тел.: 239-17-48, 239-18-91.
  9. «№45 жалпы білім беретін мектеп» гимназиясы» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Орбита-3» ықш. ауд., 55 үй. Тел.: 248-01-77, 242-54-27, 242-54-95
  10. «№81 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Бұхар жырау к-сі,38, Тел.: 394-93-33, 395-05-24.
  11. «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Панфилов к-сі, 205 үй, Тел.: 248-30-40, 248-46-60.
  12. «№183 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Ерменсай» ы/а, Жәңгір хан к-сі, 73, Тел.: 297-71-79, 297-70-01.
  13. «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: «Нұрлытау» ы/а, Рафика Нұртазина, к-сі, 49. Тел.: 297-71-79, 297-70-01.
  14. «№193 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Кемел» ы/а, Жар-жар к-сі, 54. Тел.: 260-34-23, 260-33-14.
  15. «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Волгоград к-сі, 22-үй, Тел.: 270-39-94, 234-10-46, 290-57-52
  16. «№31 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Гете к-сі, 261, Тел.: 257-08-68, 251-67-33.
  17. «№142 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: «Жұлдыз-1» ықш. ауд., 1/20, Тел.: 251-57-79, 252-92-16.

 Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтардың біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

 

Директордың лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 101.403 теңгеден 122.994 теңгеге дейін.

 Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы негізінде өткізіледі (әрі қарай – Қағида) (Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 ж. №568).

 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы білім басқармамсының edualmaty.kz. сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу мерзімі жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурс онлайн-режимде Алматы қаласы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 89 үй. мекенжайында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет) немесе 050060, Алматы қаласы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 89 үй, Алматы қаласы білім басқармасы.

 «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ немесе Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) лауазымға орналастыру үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
  • түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

 Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77016707497, +77078063807. Электрондық адрес: 8063807@mail.ru.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

  • заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі;
  • кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу;
  • кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргізеді.

 Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, «Басқарушылық құзыреттер», педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден өтеді.

 Тестілеу 100 сұрақтан тұрады:

 заңнаманы білуі бойынша – 75 сұрақ;

«Басқарушылық құзыретіліктер» бағыты бойынша – 15 сұрақ;

педагогика және психология негіздері бойынша – 10 сұрақ.

Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70%-ды құрайды.

 

Тестілеу 2022 жылы 28 ақпанда өткізіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы білім басқармасында онлайн-режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.