Алматы қаласы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

Алматы қаласы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді
Сурет: pavon.kz

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдеріне көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулер ұйымдастыруды тапсырған еді.

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.

Кездесуге барлығы 99 көпбалалы отбасы келді, әкімдерге 126 сұрақ қойылды. Оның ішінде 52 сауалға түсініктеме берілді, 37 сұрақ кездесуден кейін пысықталды, тағы 37-сі жұмыс үстінде.

Негізгі сұрақтар:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) – 30 (24%);
  • білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) – 29 (23%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) – 25 (20%);
  • ТҮКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14 (11%);
  • жұмысқа орналастыру – 15 (12%);
  • басқалары – 13 (9,5%).

Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.

Аудан әкімдерінің тамыз айындағы қаладағы көпбалалы аналармен кездесу кестесі:

4 тамызда көпбалалы аналармен кездесу Әуезов ауданында сағат 10:00 Әуезов ауданы әкімінің аппаратында өтеді, мекенжайы Алтынсарин даңғылы, 23.

12 тамызда кездесу сағат 10:00 Наурызбай ауданы әкімінің аппаратында өтеді, мекенжай Шұғыла шағын ауданы, 347 үй.

16 тамызда кездесу сағат 10:00 Алатау ауданы әкімінің аппаратында өтеді, мекенжайы Шаңырақ-2 шағын ауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26.

17 тамызда кездесу сағат 10:00 Алмалы ауданындағы «Бақытты отбасы» қолдау орталығында өтеді, мекенжайы Наурызбай батыр көшесі,106 а.

18 тамызда кездесу сағат 10:00 Медеу ауданындағы № 172 мектеп- гимназияда өтеді, Қарқаралы көшесі 15.

24 тамызда кездесу сағат 10:00 Бостандық ауданындағы «Бақытты отбасы» қолдау орталығында өтеді, мекенжайы Розыбакиев көшесі, 250.

26 тамызда кездесу сағат 10:00 Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» қолдау орталығында өтеді, мекенжайы Р.Зорге көшесі, 9.

26 тамызда кездесу сағат 10:00 Жетісу ауданындағы «Бақытты отбасы» қолдау орталығында өтеді, мекенжайы Жансүгіров көшесі, 65.