Алматы қаласы «Ассамблея жастары» Конституциялық реформаларды қолдауға шақырды

Алматы қаласы «Ассамблея жастары» Конституциялық реформаларды қолдауға шақырды
Сурет: Assembly.kz

Алматы қаласы «Ассамблея жастары» еліміздегі Конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған челлендж бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.

Алматы қаласы «Ассамблея жастары» осыған орай «Жаңа Қазақстанды» қолдау үшін жастарды әлеуметтік желіде профиль суреттерін ауыстыруға шақырды. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:

1. https://www.twibbonize.com/referendum парақшасына кіреміз
2. Choose a Photo (фотоны таңдау) батырмасын басып, керек фотоңызды жүктейміз
3. Фотоны жүктеп ары қарай NEXT (келесі) батырмасын басамыз
4. Download (жүктеу) батырмасын басып рамкідегі фотоны сақтаймыз
5.Дайын фотоны өзіңіздің әлеуметтік желі парақшаларының профиліне қоямыз.