Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі
almaty-akshamy.kz

Кездесу 12 мамырда сағат 15:00-де өтеді

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кездесу Әуезов ауданындағы Жетісу-1 шағын ауданы 32А мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақ қатынас жолдары университетінде» өтеді.

Кіру еркін. Арнайы аккредиттелу қажет емес.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube-тағы парақшасында және Әуезов әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында көруге болады:

1) https://www.youtube.com/c/AlmatyUS

2) https://www.facebook.com/auezovakimat/

Айта кетсек, бұл жыл басынан бергі үшінші кездесу. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.