Алматы қалалық сотының ғимараты қоршалып, судьялар эвакуацияланды

Алматы қалалық сотының ғимараты қоршалып, судьялар эвакуацияланды
Сурет: Misk.org.kz

Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды.

Бұл туралы қалалық сот мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалалық соттың ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды.