Алматы эпидемиологы ұжымдық иммунитетті, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен құрудың маңыздылығын атап өтті

Алматы эпидемиологы ұжымдық иммунитетті, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен құрудың маңыздылығын атап өтті Сурет: Inbusiness.kz

Мектеп жасына дейінгі балалар да, мектеп, колледж бен университеттің оқушылары да коронавируспен ауырады.


Балалар мен жасөспірімдер аурушаңдығының жас құрылымы айтарлықтай серпінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, мектеп жасына дейінгі балалар да, мектептер, колледждер мен университеттердің оқушылары да коронавируспен ауырады.


С. Байғабылов білім беру ұйымдарында КВИ ауруы бойынша деректерді келтірді. Оның мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап офлайн оқитын 283 832 оқушының 2389-ы (0,84%), қашықтықтан оқитын 30 914 баланың 1 495-і (4,8%) ауырып қалды.


Қалада барлығы 12 442 сынып бар, олардың 1918-і карантинге жіберілді, 1889 сынып карантиннен кейін оралды, 29 сынып карантинде қалды.


Оқу жылының басынан бастап 34 жоғары оқу орнында КВИ-дің 186 жағдайы тіркелді, 156 топ карантинге жіберілді, төрт топтың студенттері әлі де карантинде, қалғандары оқуға оралды.


66 орта арнаулы оқу орындарында коронавирусты жұқтырудың 209 жағдайы тіркелген. 159 топ карантинге жіберілді, бір топ үйде оқшаулануда.


Балабақшаларда 1 қыркүйектен бастап балалар арасында КВИ-дің 139 жағдайы тіркелді. 113 топ карантинге жіберілді, 113 топ карантиннен кейін оралды.



СЭБД өкілі атап өткендей, «омикрон» нұсқасы эпидемиялық процеске балалар мен жасөспірімдерді белсенді түрде тартады, сондықтан 12 жастан асқан балалардың ата-аналарына Pfizer өндірген препаратпен вакциналауға рұқсат беру өте маңызды. Бүгінде Алматыда 21 836 жасөспірім егілді.



С. Байғабылов бүгінде вакциналардың үлкен спектрінің арқасында ересектерді де, 12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды да вакциналау арқылы қорғауға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Егер отбасының барлық мүшелері вакциналанған болса, онда кішкентай балалар мен қарсы көрсетілімдері бар адамдардың жұқтыру қаупі төмен болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09