Алматы ботаникалық бағында медицинада кеңінен қолданылатын өсімдік өседі

Алматы ботаникалық бағында медицинада кеңінен қолданылатын өсімдік өседі Сурет: Ашық дереккөз

Гүлдердің түсі көбінесе жасыл-қоңыр


Алматы ботаникалық бағында 1989 жылдан бері дәрілік өсімдік – медицинада кеңінен қолданылатын Северцов корольковия өсімдігі өсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан территориясы дәрілік өсімдіктерге бай. Олардың арасында ресми медицинада қабылданған, халық медицинасында кеңінен қолданылатын өсімдіктер де бар. Солардың бірі – Орталық Азияның эндемигі Северцов корольковия. Олар тау етегінде, сазды және тасты беткейлерде өседі.


Ботаникалық бақтың мәліметінше, Северцов корольковия (лат. Fritillaria sewerzówii) лалагүлділер тұқымдасының Рябчик түріне жатады, көп жылдық шөптесін өсімдік. Өсімдік әуесқой ботаник Николай Корольков есімімен аталады, ал түрінің атауы ресейлік зоогеограф және эколог Николай Северцовтың құрметіне берілген.



«Северцов корольковия биіктігі 25-50 см жетеді. Сабағы түзу, жалаңаш, қалың, балама жапырақтары бар, олар көкшіл гүлмен жабылған. Гүлшоғыры – көптеген қоңырау тәрізді салбыраған гүлдері бар. Төмен жақтағы гүлдері үлкендеу, ұзындығы 2,5 см-ге дейін, қос жынысты, үстіңгілері стаминалды болады. Гүлдердің түсі көбінесе жасыл-қоңыр, кейде қара-қоңыр немесе алтын-сары болады. Құрамында 40% дейін крахмал және 1% алкалоидтары бар. Қазақ, өзбек халық медицинасында адамнан тер шығаратын өсімдік ретінде қолданылып келеді», - деп хабарлады зообақтың ұжымы.



Қазіргі уақытта Северцов корольковия ботаникалық бақтың дәрілік өсімдіктерді жинау аймағында өседі. Ботаникалық бақта алғаш рет ол 1989 жылы егілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10