Алматы балалар үшін қолайлы өңірлер көшін бастады

Алматы балалар үшін қолайлы өңірлер көшін бастады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандағы балалар әл-ауқатының орташа бағасы 55,3 балды құрайды.

Қазақстанда бес өңір балалар үшін қолайсыз деп танылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қаулы жобасында жазылған.

Қазақстандағы балалар әл-ауқатының орташа бағасы 55,3 балды құрайды. Алматы қаласы балалар үшін ең қолайлы өңір (63,3 балл). Ал Қызылорда (62,1 балл), Ақтөбе (59,9 балл), Қостанай (49,7 балл), Батыс Қазақстан (47,4 балл) және Ақмола (43,8 балл) облыстары балалар үшін қолайсыз деп танылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада жыл сайын 600 мыңнан астам адам жарақат алады, олардың 22 пайыздан астамы немесе 130 мыңы – балалар. Оның ішінде мұзға құлау, терезеден құлау, жол апаты, өрт, су айдындарында және тағы басқа жерде болатын оқыс жағдайлардан болған. Яғни, күн сайын 360 бала зардап шегеді.

2022 жылы 200-ге жуық бала терезеден құлап, оның 25-і қайтыс болған. 

Айта кетейік, 2022 жылдың соңында Қазақстандағы балалар саны 6,6 млн-ға жетті. Оның ішінде 3,7 миллионнан астамы – оқушылар, 2,5 миллионнан астамы – мектеп жасына дейінгі балалар, 400 мыңнан астамы – колледж студенттері.