«Алматы БАЛАFEST» дәстүрлі балалар фестивалінің жеңімпаздары анықталады

«Алматы БАЛАFEST» дәстүрлі балалар фестивалінің жеңімпаздары анықталады
Сурет: Foxwatch.kz

1 маусым күні сағат 11:00-де ҚБТУ артындағы  Қазыбек би – Абылай хан, Әйтеке би – Панфилов көшелерінің аумағында «Алматы БАЛАFEST» дәстүрлі балалар фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауқымды фестиваль бағдарламасы қолөнер ойындары, поэзиялық  және пластмассаны ұсақтау жарыстары (бөтелке қақпақтары), бейнелеу өнері шеберханалары және т.б. түрлі іс-шараларды қамтиды.

Фестивальге  байқауларда 7 бағыт бойынша  жүлделі орындарға ие болған оқушылар қатысады. Байқаудың мектеп кезеңі 250 000 – нан астам баланы қамтыды, аудандық кезең-35 000 қатысушы. Қалалық кезеңге 3600 оқушы қатысты, оның ішінде 1200-ден астам бала жеңімпаз атанды. Байқауға білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатысты.