«Алматы БАЛАFEST – 2023» фестивалі өтті

«Алматы БАЛАFEST – 2023» фестивалі өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда 2023 жылдың 1 маусымында жыл сайынғы «Almaty BALAFEST» балалар фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.  

Оның мақсаты – шығармашылықты іске асырудың түрлі бағыттары бойынша балалар мен жасөспірімдерді дамыту және қолдау үшін қаламызда жасалып жатқан игі шараларды қамту, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Фестивальға 7 бағыт бойынша өткен (мектеп аралық, аудандық, қалалық кезең) конкурс жеңімпаздары қатысты:

  • «Жұлдызды сәт»
  • «Бояулар құпиясы»
  • «Өнерлі бала»
  • «Кітап – білім бұлағы»
  • «Жасыл Алматы»
  • «OpenAir Sport»
  • «Хакатон – IT Universe»

Бірінші мектеп кезеңінде 250 000-нан астам оқушы бақ сынасса, аудандық кезеңге 35 000-ға жуық қатысушы қатысты. Ал 3000-нан астам оқушы іріктелген қалалық кезеңде 1200-ден астам бала жеңімпаз атанды. Байқауға білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары қатысты.

Фестиваль аясында балаларға арналған ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен қалалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 1200-ден астам жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды (футболка, бейсболка, рюкзак, фестиваль логотипімен термос).

Фестиваль бағдарламасы  танымдық ойындарды, спорттық эстафеталарды, шеберлік сыныптар мен көрмелерді, квесттер және театр қойылымдары сияқты көптеген іс-шараларды қамтыды. Әр аймақта қолөнер (крафт) ойындары, поэтикалық баттлдар, пластмассаны ұсақтау бойынша жарыс (бөтелке қақпақтары), бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптары, «Алматының болашағы балалардың көзімен» пленэрі, шахмат, спорт-стекинг бойынша жарыстар, скейт, стритбол бойынша демонстрациялық қойылымдары, «Робототехникаға кіріспе» шеберлік-сыныбы, командалардың роботтарды басқару және оның мүмкіндіктерін көрсету жайлы тұсаукесерлері, сәндік-қолданбалы өнер шеберханалары, викториналар, квесттер мен театр қойылымдары ұйымдастырылды.

Фестиваль қала оқушыларын, ата-аналары мен педагогтарын біріктірді және әрбір бала үшін нақты мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Балалар үшін фотоаймақ ұйымдастырылды, онда әркім танымал суретшілермен, спортшылармен, қолөнершілермен, әртістермен және т. б.  суретке түсуге мүмкіндік алады.

Басты алаңда ағымдағы жылдың халықаралық және республикалық  зияткерлік олимпиадалардың 60 алтын медаль иегері марапатталды. Аталған жетістіктер арқылы Алматы қаласының құрама командасы 18 жыл қатарынан «ҚР ең үздік олимпиада командасы» атанып келеді.

Фестиваль аясында эстрада жұлдыздары, балалар хореографиялық ұжымдары мен "Жұлдызды сәт" қалалық байқауы вокалистерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

«Almaty BALAFEST» фестивалі алғаш рет Мемлекет басшысының қатысуымен 2022 жылы Балалар жылы аясында  өткен болатын.