Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім

Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
Cурет: Ашық дереккөз

Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының болуын қарап шықты.

«Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ», - деді Б.Сағынтаев. 

Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастады. Соның ішінде 39-ы – «Magnum» дүкендер желісі, 9 – «Small», 1 –«Тоймарт». Үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар - «Барыс», «Алматы 1», «Арыстан». 

44 жанар-жағармай құю бекеттерінің қызметі жанданды, тағы 25-і жұмысын бастауға әзірлік жүргізуде. 

Онымен қоса, 111 дәріхана, оның ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс жасайды.