Алматы аймағында 7 балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупі бар ма?

Алматы аймағында 7 балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупі бар ма?
Сурет: Adyrna.kz

Қазақстандық сейсмологтар Алматы аймағында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Әсіресе, Алматы аумағы. Өйткені мұнда 1887 және 1911 жылдары күшті жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда мегаполисте дүмпудің орташа мерзімі бойынша қорытынды әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Картаға сәйкес, жер сілкінісінің болжамы жасалды. Сондай-ақ, сейсмология институтының мамандары Түркияның Анадолы таулы аймағына қатысты да пікір білдірді. Жойқын жер сілкінісі болған жер планетадағы ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Онда күшті жер сілкінісі бұрын да болған.

«Әлемдік әдістерді қолдану арқылы есептеу жасаймыз. Қазір бүкіл әлемде жер сілкінісінің дәл уақытын, қандай күшпен болатынын анықтайтын аспап жоқ. Осы жылға жасалған болжам бойынша қарқындылығы жеті балдан аспайтын жер сілкінісі жоқ деп айта аламыз», - дейді «Сейсмология институты» ЖШС ғылыми қызметкері Ақкенже Сейілханова.