Алматы ауруханаларында 96 адам COVID-19 дертінен емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 96 адам COVID-19 дертінен емделіп жатыр
Сурет: Rbc.ru

Оның ішінде 11 бала бар.

Алматыда бір тәулікте 15 адам коронавирус жұқтырды. Оның 11-інде симптом бар, 4-еуінде ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«9 адам жазылып шықса, 11 адам ауруханаға жаңадан түсті. 400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 96 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 10 адам жатыр»,- делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 2 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 181 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 164 науқас, симптомсыз 17 науқас бар.