Алматы ауруханаларында 800-ден астам адам СOVID-19 дертінен емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 800-ден астам адам СOVID-19 дертінен емделіп жатыр
Сурет: Zmina.info

Оның ішінде 39 бала бар.

Алматыда тәулік ішінде 520 адам коронавирус жұқтырды. Оның 480-нің симптомы бар, 40-нда ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жазылып шыққандар саны 94 болса, 73 адам ауруханаға жаңадан түсті. 2145 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 834 адам жатыр, оның ішінде 39 бала ем алып жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 69 адам жатыр. 

«17 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді»,- делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 163 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 2 938 науқас, симптомсыз 225 науқас бар.