Алматы ауруханаларында 34 адам коронавирустан емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 34 адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Tatar-inform.ru

Оның ішінде 3 бала бар.

Алматыда бір тәулікте тоғыз адам коронавирус жұқтырды. Оның барлығында ауру симптомы бар, деп хабарлайы Almaty-akshamy.kz.

Өткен тәулікте 11 адам коронавирустан жазылып шықты, 4 адам ауруханаға жаңадан түсті. 180 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 34 адам жатыр, оның ішінде 3 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 4 адам емделуде. 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 1 аппарат жұмыс істейді.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 57 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 47 науқас, симптомсыз 10 науқас бар», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.