Алматы ауруханаларында 202 адам СOVID-19 емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 202 адам СOVID-19 емделіп жатыр
Сурет: Dw.com

Өткен тәулікте 597 адам КВИ жұқтырған.

Алматыда 200 астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 19 шілде күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 597 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 580 симптомдық белгілері бар және 17 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Инфекциялық стационарларда (500 төсек-орын жүктемесі) жалпы саны 202 пациент ем алып жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 1. 

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 128 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 919, симптомсыз 209 науқас бар. 

Мамандардың айтуынша, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  вакцинаның I компонентін 465 адам, II компонеттін 995 адам алды. Ревакциналаудан 1 870 адам өтті. 

Жалпы, 2021 жылдың ақпан айынан бастап 2022 жылдың 19 шілде аралығында  қала бойынша I компонентті 1 232 951 адам, II компонентті 1 199 665 адам вакциналанды. 

2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың 19 шілдесі аралығында  515 040 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті. 

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасын алғандар саны 117 884 адамды құрайды. 

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 85 вакциналау пункті жұмыс істейді. 99 вакциналау бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылды»,  - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.