Алматы ауруханаларында 189 адам коронавирустан емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 189 адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy

Өткен тәулікте КВИ-дің 767 жаңа жағдайы тіркелді.

Алматы ауруханаларында 200 жуық адам СOVID-19 дертінен емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаладағы дәрігерлердің айтуынша, 27 шілде күні коронавирустық инфекцияның 767 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 748 симптомдық белгілері бар және 19 симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда (500 төсек-орын жүктемесі) жалпы саны 189 пациент ем алып жатыр.

Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  0.

«Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 558 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 328, симптомсыз 230 науқас бар»,- делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде I компонентті 733 адам, II компонетті 556 адам вакцина алды. Ревакцинациядан 5 574 адам өтті.

2021 жылдың 1 ақпанынан осы жылдың 27 шілдесі аралығында қала бойынша  I компонентті 1 236 053 адам, II компонентті 1 203 722 адам алды. 2021 жылдың 22 қарашасынан 2022 жылдың 27 шілдесі аралығында 535 038 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасын алғандар 118 466 адамды құрайды.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 85 вакцинация пункті жұмыс істейді. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылды»,- делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.