Алматы аудандарының әкімдіктері өз бюджеттерін дербес басқаратын болады

Алматы аудандарының әкімдіктері өз бюджеттерін дербес басқаратын болады
Сурет: Kapital.kz

Бұл жоспар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аса бастайды.

Қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен болған кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыру тәртібі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Облыс әкімдіктерінің жеке толыққанды бюджеті болады деп жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы бұл ойды қолдады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыра бастаймыз. Ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын, соның ішінде шұқырларды тегістеуді, АӘК есептеу мәселелерін, мектепке дейінгі тәрбие, санитарлық тазарту және ағаштарды кесу және тағы бірнеше пакеттерді аудандарға ауыстырамыз. Бұл шешімнің қажеттілігіне қаланың 8 ауданында өткен 8 жиыннан кейін көз жеткіздім – мәселелердің жартысынан көбі аудан әкімдерінің құзырында. Есеп беру кездесулерінде ақшасы барын, не жөндегенін, нені жоспарлағанын, т.б. айтып бере алады. Бүгінде аудан әкімдері белсенді жұмыс істеп жатыр, бірақ тұрғындарымыздың көкейтесті мәселелерін шешуге мүмкіндіктері де, өкілеттігі де жоқ. Бұл таңғаларлық жағдай, облыстық әкімдіктердің бюджеті барлық республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында жоқ», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.