Алматы аудандарының әкімдері көп балалы аналармен кездесулер өткізді

Алматы аудандарының әкімдері көп балалы аналармен кездесулер өткізді
Сурет: Gov.kz

Қаңтар айының 18-26-сы аралығында аудан әкімдерімен тағы да 8 кездесу өтеді

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2022 жылдың желтоқсан айында аудан әкімдері көп балалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуге барлығы 110 көп балалы отбасы келіп,  аудан әкімдеріне 111 сұрақ жолданды. Оның 60-ы бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 24 мәселе пысықталды, тағы 27-сі жұмыста.


Негізгі мәселелер:

- тұрғын үй алу (кезекке қою) - 28 (25%);

- білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) - 16 (14%);

- денсаулық сақтау – 10 (9%);

- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 16 (14%);

- ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 8 (7%);

- жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар-6 (5%);

- есепке тіркеу (тіркеу) - 3 (2%);

- көлік-3 (2%);

- басқалары-21 (18%).

Қала әкімі 2023 жылғы қаңтарға аудан әкімдерінің қаланың көп балалы аналарымен кездесулерінің тиісті кестесін бекітті. 

Еске салсақ,  бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.