Алматы атауына - 100 жыл

Алматы атауына - 100 жыл
Сурет: Gov.kz

1921 жылы Верный атауын Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл "алманың отаны" дегенді білдіреді. Осылайша 1927 жылы ҚазАКСР орталығы Алматыға көшірілді.

Шаһар Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, еліміздің-оңтүстік шығысында орналасқан. Кей дереккөздерде б.з.д. VII ғасырларда сақтар, үйсіндер мекендеген көрінеді. Себебі сол дәуірден қалған қорған мен қамал сақталған. Алматы іргесіндегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» - соның бірден-бір дәлелі. Бертіндегі патша өкіметі 1854 жылы Верный бекінісін құрып, қалаға жаңа атау берілді. Осыдан бастап, Ресейден қоныс аударушылар келе бастайды. 1865 жылы «Дала комиссиясының» ұйғарымымен Алматинск қаласы болды. Көп өтпей, қайтадан Верныйға ауысты.

Тәуелсіздікпен бірге жаңа леп келді. 1993 жылы Алматы атауы оралды. Бүгінде алып шаһар Алмалы, Алатау, Жетісу, Әуезов, Түркісіб, Медеу, Наурызбай аудандарынан тұрады. Соңғы статистика бойынша, мегаполисте 2 миллионға жуық халық тұрады.

Сондай-ақ Алматы тұп-тура 70 жыл бойы Қазақстанның астанасы болды. Ел арасында бейресми мәдениет пен өнер ордасы деген мәртебеге ие.