Алматы академиясының ұжымы Мұхтар Шахановпен кездесті

Алматы академиясының ұжымы Мұхтар Шахановпен кездесті Сурет: Polisia.kz

ІІМ Алматы академиясының ұжымы мен тыңдаушылары Түркі әлемінің заңғар ақыны, тіл жанашыры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті.


Ақиық ақынмен болған кездесуді академия бастығы А.Сайтбеков ашып, жиналғандарды оның шығармаларымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Кездесуде М.Шаханов рухани құндылықтар жайлы, ата дәстүр, ұлттық мүдде, тіл туралы тебірене сөйледі. Қазақтың сүйікті ақыны жиналғандар алдында ұлттық мағынаға толы өз идеялары, патриоттық, ұлттық рух туралы көзқарасы жайлы сыр шертіп, академия ұжымы мен тыңдаушыларына Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы қызметтеріне зор жетістіктер тіледі.


Жеке құрам мен тыңдаушылар қазақ халқының бай тарихынан сыр шертіп, қазақ тілі үшін күрескен кездегі естеліктерімен бөліскен ақынмен кездесуден үлкен әсер алды. Отансүйгіштік рухқа бөленген жастар сүйікті ақындарына деген ыстық ықыласын білдіріп, естелікке суретке түсті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26