Алматы академиясының тыңдаушыларына сертификат тапсырылды

Алматы академиясының тыңдаушыларына сертификат тапсырылды almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында орта басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Түлектерді Академия бастығы, полиция полковнигі А.М. Сайтбеков құттықтап, бүгіннен бастап олардың өмірінде Академия қабырғасында алған білімдерін қызметте іскерлікпен көрсетуге, ішкі істер органдарын жаңғыртуға белсенді қатысуға, Қазақстан полициясының беделін арттыруға, жұмыстың аса маңызды салаларында жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін жаңа кәсіби кезең басталатынын атап өтті. 


Сонымен қатар орта басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушылары арасындағы ҚР Ішкі істер министрінің кубогы үшін өткен дебат турнирінің финалдық ойындарына қатысушыларды марапаттау рәсімі де осы күнге орайластырылды. 


Екінші турға қатысқан № 2 факультет тыңдаушылары Р. Жарықбасов, Қ. Әбдіғалиев, М. Акрамашов, сондай-ақ турнир жеңімпазы П. Климов номинациялар бойынша вымпелмен және дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз кубогы 2 факультет тыңдаушысы Ә. Оспановқа табыс етілді.


Өз кезегінде №2 факультеттің тыңдаушысы, полиция полковнигі Б.Зиятаев та сөз сөйлеп, академияның профессорлық-оқытушылық құрамына ризашылығын білдірді.


Дәстүр бойынша айтулы оқиғаға орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52