Алматы әуежайының маңында көлік қозғалысының сызбасы өзгерді

Алматы әуежайының маңында көлік қозғалысының сызбасы өзгерді Сурет: Ашық дереккөз

Көлік ағынын азайту үшін терминал ғимаратының алдына жолаушыларды түсіру үшін қосымша үшінші жолақ бөлінген


Алматы халықаралық әуежайында терминалдың тұрақ аймағында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі ғимарат алдындағы көлік қозғалысының сызбасын өзгертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, әуежай аумағында автобус қозғалысының бағыты өзгертілді.



«Автобус Майлин көшесінен кіріп, терминал ғимаратына бармай, арнайы бөлінген жолақпен Ахметов көшесіне шығады. Еске салайық, әуежай аумағынан шығу үшін жолаушылар Майлин көшесіне шығуға болатын бүкіл 6 пункті пайдалана алады. Сондай-ақ, әуежай аумағынан Ахметов көшесіне қосымша деңгейлі паркинг арқылы шыға алады» делінеді хабарламада.



Сондай-ақ, қарбалас уақытта әуежай аумағынан көліктердің кедергісіз шығуы үшін шлагбаум ашылады.


Көлік ағынын азайту үшін терминал ғимаратының алдына жолаушыларды түсіру үшін қосымша үшінші жолақ бөлінген.


Осы жолақты пайдалана отырып, жүргізушілер тұрақтан шығып бара жатқан көліктерге тосқауыл қоймай жолаушыларын түсіріп, алып кете алады.



«Автокөліктер кептелісін болдырмас үшін әуежай аумағынан шықпас бұрын тұрақ ақысын алдын ала төлеу ұсынылады. Ол үшін терминалға кіреберісте орнатылған паркоматтарды пайдалану қажет. Төлем картамен, қолма-қол ақшамен және банк қосымшасымен қабылданады. Әуежай аумағындағы қозғалысты жеңілдету үшін барлық қажетті жедел және техникалық шаралар қабылданып жатыр», - деп хабарлады әуежайдан.



Еске салайық, Алматыда әуежайында көліктерге арналған пандус жабылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37