Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Сурет: Istockphoto.com

Кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылды.

Алматы әуежайында тексеріс күшейтілді. Жолаушылардың енді рейске ертерек келгені жөн, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінен бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтілді. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылды.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 12 қыркүйектен бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілді. Халықаралық тіркеу залының алдына қосымша тексеру желісі қойылды», - делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.

Айта кетейік, бұл қауіпсіздік шарасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.