Алматы әуежайында интернет болмағандықтан, бірқатар рейстер кешігіп ұшты

Алматы әуежайында интернет болмағандықтан, бірқатар рейстер кешігіп ұшты
Сурет: Kapital.kz

Интернет сағат 8.40 кезінде ғана қосылған.

Air Astana компаниясы бүгін бірқатар әуе рейстері неліктен кешіккенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, бүгін, 28 қыркүйекте, таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы және Атырау қалаларында интернет-провайдердің жұмысында ақау байқалған.

Салдарынан екі қаланың әуежайында интернет дұрыс жұмыс істемеді.
Байланыс болмаған соң, қызметкерлер рейске тіркеу жұмысын қолмен жүргізген. Бұл Алматы қаласында таңғы әуе рейстерінің орташа алғанда 1,5 сағатқа кешігуіне алып келді.

Интернет сағат 8.40 кезінде ғана қосылып, қалыпты жұмыс істей бастады.

«Қазіргі таңда әуе тасымалдаушы рейстер кестесін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр», - деп хабарлады Air Astana компаниясынан.