Алматы әуежайында АҚШ-қа көне монеталарды алып кетпек болғандар ұсталды

Алматы әуежайында АҚШ-қа көне монеталарды алып кетпек болғандар ұсталды Сурет: ашық дереккөз

Құнды тиындардың Моңғол империясы кезеңіне жататыны анықталды.


Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көне монеталарды Америка Құрама Штаттарына заңсыз әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Заң бұзушылықты 22 қаңтарда  «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Кедендік бақылау барысында Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде анықтаған.



«Құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады. Ұсталған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие», - делінген комитет хабарламасында.



Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады.



«Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады. Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда», - деді комитет өкілі.



Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40