Алматы әуежайы арқылы 28 iPhone 14 ұялы телефонын заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды

Алматы әуежайы арқылы 28 iPhone 14 ұялы телефонын заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды
Сурет: Newsroom.kz

Ол декларациядан өтпеген құрылғыларды Ыстамбұлға әкетуді жоспарлаған.

Алайда оның әрекеттері жүзеге аспай, кеден қызметкерлеріне ұсталып, аппараттар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Бүгінде тәркіленген телефондар қоймаға қойылды. Ал заң бұзған азаматқа қатысты 551-бап бойынша әкімшілік жаза тағайындалмақ.