Алматы әлі «қызыл» аймақта

Алматы әлі «қызыл» аймақта
Сурет: Inform.kz

Еліміздің эпидемиологиялық ахуалы кешегіден өзгерген жоқ.

2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта: Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.